Дүниежүзілік Пәтуа ұйымының Бас хатшылығы 2-3 тамыз күндері Каир қаласында өткен «Цифрлық дәуірдегі пәтуа институттары: даму мәселелері мен ынтымақтастық механизмдері» атты халықаралық конференция өткізді.
Конференцияда індет дәуірі мен технологиялық прогресс, пәтуа беруде цифрлық әдістерді қолдану мәселелері талқыланды. Үш секцияда өткен конференцияда: «Пәтуалар жинағы: шындық және болашаққа деген үміт», «Цифрлық дәуірдегі пәтуа мәселелері: даму мәселелері мен тиімді модельдер» және «Эпидемия кезіндегі пәтуалар: әдістер мен механизмдер» тақырыбы қозғалды.
Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі ауқымды конференцияда Біріккен ұлттар ұйымын 15 қазанды «Халықаралық пәтуа» күні деп жариялауға шақыру туралы бірауыздан шешім қабылданды.
sunna.kz