Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы Қырғызстан мүфтиімен жүздесті

0 800

25 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир қажы Ракиевпен кездесті. Кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы байланысын нығайтудың маңызы сөз болды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Қазақ-қырғыз халқының діні мен ділі бір. Алла Тағала екі елдің бауырластығын бекем еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай. Шақыртуымызды қабыл алып, халықаралық конференциямызға келгеніңіз үшін сізге үлкен ризашылығымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Қырғызстан мүфтиі Замир Ракиев Наурызбай қажы Тағанұлының жұмысына сәттілік тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция жұмысына шетел мүфтилері мен елшілері қатысады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.