Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордада қайырымдылық кеші өтті

0 720

29 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлады Elorda.Info сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы күні қарсаңында және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

«Кеште Ақмола облысында салынып жатқан ерекше балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығынының презентациясы баяндалды. Сіздердей кең пейілді, жаны жомарт жандардың арқасында осы кеште қаржылай 48 млн 360 мың теңге жиналды», – деді Biz Birgemiz қозғалысының жетекшісі Перизат Қайрат Instagram-дағы парақшасында.

Оның сөзінше, қайырымдылық кешінде көпбалалы 3 отбасыға пәтер беріліп, қомақты қаражат жиналды.

Ал интерьер дизайнері Айдана Ерімбеттің айтуынша, осы кештен жиналған қаражат көпсалалы оңалту орталығының құрылысына жіберіледі.

«Қайырымдылық аукционында Lashyn арт-креслосы 13 млн теңгеге сатылды. Бұл кештегі ең қымбат лот болды. Бұған сене алар емеспін. Қайырымдылық кешінен жиналған қаражат ерекше балаларға арналған оңалту орталығының құрылысына бағытталады», – деді ол.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.