Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туыстарына көңіл айтты

0 603

Қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазасы қазақ әдебиеті үшін орны толмас қайғы болды. Барша қазақ жұртына, қаламгер қауымға, жазушының оқырмандарына, ағайын-туысы мен отбасына қайғыра көңіл айтамын.

Әбдіжәміл ағамыз қазақ прозасын биік белеске көтерді. Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді шығармалары арқылы тек қазақ жұртына ғана емес, адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеді. Оның шығармалары қазақ руханиятын толықтырып, баға жетпес мұраға айналды.

Әбдіжәміл ағамыздың тағылымды шығармалары мен тағдырлы өмір жолы баршамызға үлгі-өнеге, бағыт-бағдар болары анық. Алла Тағала қаламгер ағамыздың жанын жәннаттан еткей! Отбасы мен ұрпақтарына Алладан көркем сабыр тілеймін!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.