Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сансызбай Құрбанұлы медресе шәкірттерімен жүздесті

0 307

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы «Шымкент» медресе-колледжіне арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Студенттермен кездесу барысында «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттеріне ілім үйрену, елге қызмет ету, имамдық қызмет, т.б. өзекті тақырыптар жөнінде насихатын айтып, батасын берді.

Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» қажылық фирмасының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық пәтуа маманы Исламқұл Иманқұлұлы және студенттер қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.