Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада әйелдердің даму орталығы ашылды

0 620

Ел астанасындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде «Нұрлы жүрек» әйелдердің даму орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.

Мешіттегі діни сауат ашу курсына қатысатын шәкірт қыз-келіншектердің өзара достығын арттырып, білім алмасып, бір-біріне қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың ашылуы салтанатты шараға ұласып, рухани кешке айналды.

Шара шымылдығын «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмаилов қасиетті Құран аяттарымен ашып, ақ батасын арнады. Әйел жамағатын қуанышты оқиғамен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Іс-шараға ҚМДБ Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігінің басқа да әйел ұстаздары арнайы қатысып, қуанышын бөлісті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.