Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бәйдібек би: Тілге кісен салуға болмас

0 741

Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты.

Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:

-Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.

Би жалшыға сөз беріп:

-Кәне, сен сөйлеші, – десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті.

Ал, бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:

-Аяққа кісен алуға болар,

Қолға кісен салуға болар,

Ал, тілге кісен салуға болмас, – деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.

“Қазақ халқының философиялық мұрасы” кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.