Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кіші қажылыққа жолдама берілді

0 766

Тарауық намазына жиналған жамағаттың алдында мешіт жанашырына кіші қажылық жолдамасы табысталды.

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің бас имамы Руслан Байзақов мешіт жанашыры Жапарбеков Нурхалымға кіші қажылық жолдамасы берілді.

Айта кетейік, Жапарбеков Нурхалым жылдар бойы мешіттің әртүрлі шаруашылық жұмыстарына бір кісідей атсалысып, бодаусыз көмек қолын созып, мешіттің гүлденіп-көркеюіне бір кісілік үлесін қосып келе жатқан жанашыр азамат.

Н. Жапарбековтың жанашырлығын білетін мешіт ақсақалдары оған ақ жол, сәт сапар тілеп ақ батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.