Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

Бәйдібек би: Тілге кісен салуға болмас

18 сәу 2022 1 015 рет оқылды
Бәйдібек би: Тілге кісен салуға болмас

Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты.

Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:

-Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.

Би жалшыға сөз беріп:

-Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті.

Ал, бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:

-Аяққа кісен алуға болар,

Қолға кісен салуға болар,

Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.

“Қазақ халқының философиялық мұрасы” кітабынан

Sunna.kz

#Бәйдібек би