Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Көрермендер сауалына Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап берді

0 635

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ұстаз-ғалымдар тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.

«Рамазан – Құран айы» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.

Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасында және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде ғалым-ұстаздар Құран Кәрімді оқудың, жаттаудың артықшылығы, әсіресе, Рамазан айындағы хатым және оны оқудың өзіндік ережелері жайлы насихат айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ көрермендер оразаға қатысты және өзге де діни сауалдарына тұшымды жауап алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.