Ағайын-туыстың қызығы – алыс-беріс,
Құдалықтың қызығы – барыс-келіс.
Жалғыз ағаш жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды.
Ат жалында ажал тұрады.
Әділ бидің елінің ырысы көп,
Парақордың елінің ұрысы көп.
Егіз бақтан тумайды,
Баптан туады.
«Әй» деген ат басын бұрғанша,
«Ай» деген ат аунап тұрғанша.
Жіп ұшын түймегеннің,
Үш шаншым ісі қалады.
Әркім тапқанын теке қояды.
Кедейдің жеті қаңтаруы бар.
Зейіні кең – көреген,
Пейілі кең – береген.
Иман отқа жанбайды,
Жақсылық жерде қалмайды.
Бірде түйе, бірде бие.
Гүл шырынын көбелек құртады.
Дәуір – адамның иесі,
Адам – дәуірдің түйесі.
Кәрі білгенді пері білмес.
Гүл қадірін арадан үйрен,
Сөз қадірін данадан үйрен.
«Бабалар сөзі» көп томдығынан.
Sunna.kz