Бір кісінің балаларының аты: Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен.
Бұл кісінің кенже келіні, Балтабайдың келіншегі түсіпті.
Жаңа түскен келін су алуға келгенде, судың ар жағында тұрған қайын атасы жас келінді сынамақ болып:
– Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға барып хабар берші, балам. Балтабай пышақ қайрап әкеліп адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім, – депті.
Келіншек те сасқалақтап, жүгіріп төбеге шығып күйеуі Балтабайға айғайлапты:
– Шапқы-ау, Шапқы-ау, шапшаң кел! Сарөыраманың бер жағында, сылдыраманың ар жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам жаныманы білеуітке жанып әкелсін дейді. Өзі ұлыманы айдап кетті, – дейді.
”Қазақтың фиолофиялық өнері” кітабынан.
Sunna.kz