Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әуезов дәл айтқан екен

0 235

Көбікті толқын санама.

Тамыр болдың – айтыс жоқ, қолдан бердің – қайтыс жоқ.

 

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

 

Бас асауға – жез ноқта.

 

Кісінің бір айыбын маған айтқан адам – менің жүз айыбымды кісіге айтар.

 

Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.

 

Еркін екем деп – ерсі кетпе.

 

Еңбек шыққан жерден – төзім де шығады.

 

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.

 

Адам баласы, әсіресе, надан, еңбексіз болса – құлқынына құлдығы күшең болмақ.

 

Қазақ “От пн су – тілсіз жау” дейді. Бұл бір жағынан, дұрыс та, екінші жағынан, дұрыс емес. Жалғыз от пен су емес, жаратылыстың қайсысын алсақ та тілін білсек – құлымыз да, тілін білмесек – жауымыз.

 

Берекені көктен тілемес, еткен еңбектен тіле.

“Алаш айтқан асыл сөз” кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.