Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа тыйым салынған нәрселер

0 426

Шариғатымызда үйленетін ер кісінің қалыңдықты көруі – мәндүп. Ер жігітке нені қалап, нені ұнататынын білдіру және кімге үйленетінін хабардар ету үшін көруге рұқсат етіледі. Сол арқылы қызды ұнатса, одан әрі әрекет етеді, ал ұнатпаса әрекетін тоқтатады.

 Дегенмен бұл әрекет – қыз ұсынысымды қабылдайды деген сенім басымырақ болғанда ғана жасалады. Ал «айтқан ұсынысым қабылданбайды» деген ойы үстем тұрған жағдайда қызға көз салуы дұрыс емес. Егер екі жақ тең болса, қызды көруге рұқсат етіледі, себебі болашақ құдалар жақсы пікірде, дұрыс ойда болуы керек. Жігіттің көруге мүмкіндігі болмаса, қалыңдықты көруге басқа жақынын жіберуге болады. Қалыңдықты көру мүмкін болмаған жағдайда оған сенімді әйелді жіберуге болады. Ол қалыңдықты көріп, оны жігітке сипаттап береді.

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа бір-бірімен оңаша қалуға, жақындасуға немесе төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Некеге тұрмай, тек құда түсу оған жоғарыдағы құқықтардың бірін де орындауға жол бермейді. Қалыңдық немесе күйеу тарапынан құдалық бұзылса немесе қандай да бір себеппен неке жүзеге аспаса, жоғарыдағы нәрселердің бірін жасап, одан соң құдалық бұзылса, бұл қалыңдықтың абыройын төгеді, келешекте тұрмысқа шығуына кедергі келтіреді және отбасына да жайсыздық тудырады.

Атастырғаннан кейін әйел жүкті болса немесе босанса, араларында заңды некенің жоқтығына байланысты ол бала әкесіне телінбейді. Ал, бұның зияны дүниеге келген ұл немесе қыз нәрестеге тиеді. Неке байланбай, тек құда түсу баланың тегін анықтамайды, сондықтан әйелмен оңаша қалуға, сүйісуге және осыдан туындаған басқа әрекеттерге тыйым салынады.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.