Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ата-ананың балалары алдындағы міндеттері

0 784

Жанұяның көркі мен бақыты, шаттығының көзі болып табылатын бала – ата-анаға Жаратушының берген аманаты. Ата-ана бала тәрбиесіне Алла алдында және халық алдында жауапты. Ата-ананың балалары алдындағы басты міндеттері мыналар:

1) Балаларын дені сау етіп өсіру, оның тән мен жан сұлулығын қорғау;

2) Балаларына арам нәрселерді жегізбеу.

Пайғамбарымыз: “Алла жолында жұмсалған қаржылардың ең сауаптысы – жанұя мүшелеріне жұмсалғаны” деген.

“Бір адамның өз қамқорлығындағы жандарға селқос қарауы оның күнәһар болуына жеткілікті” деп ескерту де жасаған.

3) Баласына жақсы ат қою;

4) Баласын жақсы тәрбиелеп, оған ахлақ тұрғысынан үлгі болу;

Пайғамбарымыз: “Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі” дей отырып, бала тәрбиесінің қанша-лықты маңызды екенін атап көрсеткен.

5) Баласына намаз оқытуы, басқа да діни және ахлақи міндеттерін үйрету;

6) Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп тәрбиелеу; Хазірет Әли былай деген: “Балаларыңды өз заманына сай тәрбие-леңдер, өйткені олардың уақытында сендер болмайсыңдар”.

7) Балаларды жақсы көріп, оларға әр кез көңіл бөлу, өйткені олар қарнының тоқ болуымен қатар сүйіспеншілікті де қажет етеді.

8) Балаларды жақсы көргенде, оларды бөліп-жармау, тең және әділетті болу;

9) Үйленетін шаққа келгенде балаларын үйлендіру.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.