Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы ерекше балаларға қайырымдылық жасады

0 260

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектебінің оқушыларына қайырымдылық жасады.

Бұл жолы мешіт ұжымы арнайы мектептің оқушыларына тегін шаштараз қызметін көрсетті. «Балалар жылында» кішкентай бүлшіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шаштаразшы мамандардың көмегімен 50 оқушыға өз қалауларын бойынша шаш үлгілері жасалынды.

№3 арнайы мектебінің басшылығы балаларды қуантуға келген мешіт ұжымы мен арнайы мамандарға алғыстарын білдірді.

 

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.