Жанұяның көркі мен бақыты, шаттығының көзі болып табылатын бала – ата-анаға Жаратушының берген аманаты. Ата-ана бала тәрбиесіне Алла алдында және халық алдында жауапты. Ата-ананың балалары алдындағы басты міндеттері мыналар:
1) Балаларын дені сау етіп өсіру, оның тән мен жан сұлулығын қорғау;
2) Балаларына арам нәрселерді жегізбеу.
Пайғамбарымыз: “Алла жолында жұмсалған қаржылардың ең сауаптысы – жанұя мүшелеріне жұмсалғаны” деген.
“Бір адамның өз қамқорлығындағы жандарға селқос қарауы оның күнәһар болуына жеткілікті” деп ескерту де жасаған.
3) Баласына жақсы ат қою;
4) Баласын жақсы тәрбиелеп, оған ахлақ тұрғысынан үлгі болу;
Пайғамбарымыз: “Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі” дей отырып, бала тәрбиесінің қанша-лықты маңызды екенін атап көрсеткен.
5) Баласына намаз оқытуы, басқа да діни және ахлақи міндеттерін үйрету;
6) Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп тәрбиелеу; Хазірет Әли былай деген: “Балаларыңды өз заманына сай тәрбие-леңдер, өйткені олардың уақытында сендер болмайсыңдар”.
7) Балаларды жақсы көріп, оларға әр кез көңіл бөлу, өйткені олар қарнының тоқ болуымен қатар сүйіспеншілікті де қажет етеді.
8) Балаларды жақсы көргенде, оларды бөліп-жармау, тең және әділетті болу;
9) Үйленетін шаққа келгенде балаларын үйлендіру.
материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,
sunna.kz