Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аллаға қарыз берудің сауабы

0 613

Алла бізден Өзіне қарыз беруімізді сұрайды. Сұраған қарызын Аллаға бермесек, қандай өкініш болмақ. Аятта былай дейді: «Кімде-кім Алла үшін қарызды көп берсе, оның бодауын Алла әлденеше есе көп етіп қайтарады. Алла біреуді кең, біреуді тар қылады. Сендер Алла құзырына қайтып барасыңдар» («Бақара» сүресі, 245-аят).

Осы аят түскен соң Әбу Дардах есімді сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у) келіп: «Уа, Алланың пайғамбары, Алла бізден қарыз сұрай ма? Яғни барлық нәрсенің шынайы иесі әрі қожайыны онсыз да Алла емес пе? Осыған қарамастан бізден қарыз сұрай ма? Қалағанын алатын құқыққа ие әрі қалауынша жұмсай алатын құдірет пен күш иесі бола тұра өз дүниесін өз пенделерінен, біздерден қарыз ретінде сұрай ма?» – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонда: «Иә, әй, Әбу Дардах, әлбетте, Алла қарыз сұрайды», – деп жауап береді.  Әбу Дардах: «Уа, Алланың пайғамбары, әкел қолыңды». Расулалланың (с.а.у) қолын ұстап серт бергеннен кейін: «Уа, Алланың пайғамбары, менің 600 түп құрма ағашы бар бақшам бар. Дәл қазір әйелім Үмму Дардах пен бала-шағам сол бақта. Мен сол бақшамды құрма ағаштарымен бірге Аллаға қарызға бердім».

Әбу Дардах осыны айтқаннан кейін «Аллаға қарызға бердім» деген әлгі бақшаға барып, сол жердегі әйеліне былай деп дауыстады: «Әй, Үмму Дардах, дереу бұл бақшадан шық. Өйткені мен бұл бақшаны Алла үшін қидым» дедім. Осы оқиғаның басқа бір риуаятында мына жайт жазылған: Күйеуінің әлгі бақшаны Аллаға қарызға бергенін естіген Үмму Дардах «Өте табысты сауда-саттық жасапсың» деп жауап қатады. Артынша дереу балаларын алып ол бақшадан сыртқа шығады. Оның бұл әрекетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Жәннатта Әбу Дардах үшін әзірленген, бұтақтары иілген қаншама үлкен құрма ағаштары бар» (имам Табари).

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.