Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Иман адамға қандай бақыт береді?

0 562

Адам – тән мен жаннан тұратын тіршілік иесі. Тәніміз ішіп-жеуді қалай қажет етсе, жанымыз да рухани қоректі солай керек етеді.Жанның маңызды азығы – берік сенім. Аллаға сенген және сенім артқан адам рухани азықтанып, үлкен күшке ие болады. Өйткені, адам баласы әрдайым Алланың жәрдеміне мұқтаж. Ұлы Жаратушыға мұқтаж болғандықтан оған сеніп, мойынсұну – бақыттың, рахат өмірдің қайнар көзі.

Алла Тағала былай дейді: “Абайлаңдар, жүректер Алланы еске алумен ғана жай табады”. Иман адамды жалғыздықтан, бағдарсыздықтан құтқарады. Иман – рухымыздың азығы, жүрегіміздің нұры. Имансыз адамның рухы қорексіз, жүрегі қараңғылықта болып, сүйеніштен қол үзеді.

Өмірде адам баласы әртүрлі қиындықтарға кездеседі. Сондай кезде шын иманды адамдар үмітсіздікке бой алдырмайды, Аллаға жалбарынып, паналайды. Оған арқа сүйеп, сеніп, сабырмен істің соңын күтеді. Мұндай құдіретті досқа сүйіпеншілікпен және құрметпен берілу адамды бақытқа бөлейді.

Иманнан жұрдайлар үмітсіздікке бой алдырады. Мазасыздықтан арылмайды. Қиыншылықтан, қайғыдан құтылудың жолын ішімдіктен немесе есірткі сияқты заттардан іздейді. Сөйтіп, одан бетер бәлеге ұшырайды. Ақырет бақытынан әрі дүние бақытынан осылай айырылады.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.