Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Дұғаңның бәрін салауатқа арнасаң, күнәларыңнан арыласың»

0 571
Үбәй ибн Кағб (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып көптен бергі көкейімде жүрген сұрағымды қойдым:
– Уа, Алланың елшісі, мен сізге көп салауат айтып, сәлем жолдап жүрем, соны қанша жасаған дұрыс?
– Қалағаныңша.
– Дұғамның төрттен бірін сізге салауат пен сәлемге арнағаным қалай?
– Өзің білесің, бірақ көбейткенің өзіңе жақсы.
– Онда үштен екісін арнасам ше?
– Өзің білесің, бірақ одан да көбейткенің өзіңе жақсы.
– Олай болса, дұғамның бәрін сізге салауатқа арнаймын.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреп.
– Дұғаңның бәрін салауат пен сәлемге арнасаң, қиыншылық атаулы сенен алты қыр алыста жүреді. Күнәларыңнан біржолата арыласың», – деген еді.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.