Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында өңір басшысы Марат Мұратұлымен кездесті.
Бас мүфти Көкшетау қаласында өткен аймақтық ақсақалдар форумында талқыланған мәселелерге тоқталып, жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандырудың, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар қоғамда ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің қажеттілігін тілге тиек етті.
Басқосу барысында аймақтағы діни ахуал талқыланып, өңір мешіттеріне діни салада тәжірибесі мол білікті дін қызметкерлерін жұмысқа орналастыру жайы да сөз болды. Кездесу соңында тараптар ортақ мақсаттар жолында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Айта кетсек, Ақмола облысы бойынша 90 мешіт бар. Онда 180 дін қызметкері жұмыс істейді.