Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Жезқазған кен байыту фабрикасында болды

0 427

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған жұмыс сапарында Жезқазған кен байыту фабрикасында болды.

Фабрика жұмысымен танысып, қызметкерлермен кездескен Наурызбай қажы Тағанұлы: «Шариғатта ғибадат істермен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Алла Тағала Құранда: «Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ырыздық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуды бұйырған.

Отбасын асырау – ер азаматтың мойнындағы асыл міндеттің бірі. Ер адам еңбектенумен әрі отбасын асыраумен өткізген әр уақыты үшін сауапқа кенеледі. Оның отбасы үшін берген қаражаты қайырлы садақалардың бірі саналады. Қасиетті хадистердің бірінде: «Адамның жұмсаған ақшасының ең қайырлысы – өзінің отбасы үшін жұмсаған динары және Алла жолында мінетін көлігіне жұмсаған динары мен Алла жолындағы жолдастары үшін жұмсаған динары» делінген. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін» деді.

Кездесу барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, Бас мүфти ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.