Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәшһүр Жүсіптің адасуы

0 1  061

«Адаспаймын!» деген жігітті қараңғы тұман үш рет адастырады» деген. Бұл дүние өзі бір тұман. Хазірет сопы Аллажар айтты ғой «Бұ түнде тұт бүтін имаанымызды, Саба, құтқар ду түннен жанымызды!» «Дүние – бастан-аяғы бір-ақ түн» деп санаған. Ду түн – екі түн, бірі – қабір қараңғылығы, бірі – сират көпірі қараңғылығы, бірі – сират көпірі қараңғысы. Осы үш түннен адаспай өткенге – жарық таң атпақ.

Ташкеннен келе жатып, қара атпен қайтқан сапарда Қыпшақ Ибрай марқұмның балалары Жар-Рақымжан аулының үстінен өткенде, әншейінде анадай тұрған моланы құр қалдырмайтын Мәшһүр қақ жолында тұрған Ибрай Жайықбасұлының моласына аят бағыштамай өткені. Үндемей де жай өткен жоқ, қасындағы жолдасына өлең айтқызып, ән салдырып келеді.

Сол ақымақтығы жетпіс үш жасқа аяқ басуға бір-ақ күн қалғанда есіне түсіп, тәубе қылып отыр.

Тәубе, тәубе, тәубе! Мұның ұмытылмайтындығы – сол күннің ертеңінде Қараөткелге сегіз шақырым қалғанда, бір қоржын кітаптан айырылдық. Анық аруаққа ұшырап қалғандығы – осы. Ол күнде отыз тоғыз жаста едік. Адасқандығым отыз үш жылда ойыма түскені.

–А, Құдай, жазсам, жазғаныма тәубе! Азсам, азғаныма тәубе! Адассам, адасқаныма тәубе! Жаңылсам, жаңылысқаныма тәубе! – дедік…

sunna.kz

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 20 томдық шығармалар жинағынан

(Ескерту, көшіріп басылса, киперсілтеме қоса берілуі қажет)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.