Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бидғат – бұл шариғатқа түзетулер енгізу

Бидғат – бұл шариғатқа түзетулер енгізу

0 62

Исламға бидғаттарды енгізуші адам, мейлі ол сенімдердегі, мейлі сөздердегі, мейлі амалдардағы болсын, жанама түрде Алланың шариғатына түзетулер енгізген болады.

Яғни, мысалы, бұрын депутаттар жиналып: «Конституцияға түзетулер енгізілді…», – дейтін. Өйткені осы конституцияларды шығаратын адамдар, біріншіден, тек осы дүниені ғана ойлайды. Сіздер, жер бетінде қай жерде болса да екі дүниені де ескеретін конституция көрдіңіздер ме? Жоқ! Және егер сіздер осы дүние мен Мәңгі дүниені салыстырсаңыздар, бұл дүние – болмашы ғана. Яғни, іс жүзінде, сіздің конституцияңызда 100 заң болса, олардың 80-90-ы арғы дүниемен байланысты болуы керек! Солай емес пе?! Әрі тек 10-20-сы ғана осы дүниемен (байланысты болуға тиісті).

Біз мұны Алланың шариғатында көретініміздей! Екіншіден, олар – адамдар ғана! Олар өздерін не күтіп жатқанын білмейді! Ал Алла Тағала бізді Құранды түсіргенде не деп айтты? Алла Тағала былай деді: «Жаратқан білмей ме? Ол тым Жұмсақ, әр нәрсені толық Білуші» («әл-Мүлк» сүресі, 14-аят).

Ол бізді жаратты және біз үшін не нәрселерде игілік бар екендігін біледі! Біз үшін қай істе және қай жерде жақсы нәтиже болатынын біледі, әрі егер біз солай амал етсек осыда бізге бұл дүниеде де, ақыретте де игілік болады! Ал конституцияларды шығарушы адамдар осыны ескермейді. Олар арғы дүние туралы білмегені былай тұрсын, бізді болашақта не күтетінін де білмейді. Міне сондықтан да олар тұрақты түрде түзетулер, түзетулер, түзетулер енгізе береді. Конституцияға түзетулер үнемі жасалып жатыр емес пе? Өйткені олар ескермеген бір жаңалық орын алады да, олар соған сәйкес түзетулер енгізуіне тура келеді.

Әрі Алланың дініне бидғаттар енгізуші адам да осы адамдар тәрізді. Ол Алла Тағаланың шариғатына түзету енгізгісі келеді. Алла Тағала: «Былай істеңдер!», – деп айтса, ол: «Жоқ, Алла, былай істеу қажет!», – деп айтқан болады. Алла Тағала мәуліт жасауға тыйым салды. Не үшін тыйым салды? Өйткені егер оны жасауға болатын болғанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны заңдастырып қояр еді, ал ол (бидғатшы): «Жоқ, мәулітті жасау керек!», – дейді.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “…әрбір бидғат – адасушылық!”, – деген. Ал ол (бидғаттардың жақтаушысы): «Жоқ, әрбір бидғат адасушылық бола бермейді, құпталатын (жақсы) бидғаттар да бар», – деген сияқты сөздер айтады. Көрмейсіздер ме, қалайша Алланың дініне түзетулер енгізеді.

материал «Бидғат зардаптары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.