Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мерекелерде болатын ысырапшылдық

Мерекелерде болатын ысырапшылдық

0 75

Бүгінгі таңда көптеген мерекелер мен салтжоралғылар кеңейіп, олардың көбі Исламға қатысы жоқ еліктеулерден туындаған.

Мұндай мерекелерде жиі ысырапшылық орын алып, әсіресе тыйым салынған нәрселерге шығындар басымырақ жұмсалады. Мастандыратын ішімдіктер мен басқа да харам заттарға кететін қаражат қомақты көлемге жетіп жатады.

Ескі салт-жоралғыларды исламға қатысы бар және жоқ деп екіге бөлуге болады. Мысалы, әйелдер арасында кейбір ерекше рәсімдер кездеседі…

Шариғатта некені жария ету және ізгі мақсатта той өткізу – құпталған амалдарға жатады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйленгенде
қарапайым той өткізіп, үмбетіне үлгі көрсеткен. Ол өткізген тойлар заманға сай, қарапайым әрі шариғатқа сәйкес болған.

Анас ибн Мәликтен риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хайбар мен Мәдина арасында үш күн аялдап, Сафия бинту Һуяйға үйленді. Дастарқан жайылып, үстіне құрма, сүзбе және сары май қойылды» (бес хадисші риуаят еткен, тек Әбу Дәуіт риуаят етпеген). Бұл қарапайым қонақасы арқылы некені жария ету басты мақсат болды.

Тағы бір мысал ретінде қызы Фатима (р.а) мен Әлидің (р.а) тойын айтуға болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әлиге (р.а): «Келінге той жасау керек», – деп кеңес беріп, қарапайым дастарқан жайылып, қуаныш шынайы жүрекпен білдірілген.

материал «Ысыраптың индикаторы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.