Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді»

«Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді»

0 69

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Лутайбия деген кісіге зекет жинауды тапсырады. Ол зекет жинап қайтып келген соң:

– Мынау – сендердікі, мынау – маған сыйға берілген! – деп зекеттен мал алып қалғысы келеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ашуланып:

– Олай болса, үйіңде отыра бермедің бе? Айтқаның шын болса, сыйлығың өзі-ақ саған келеді ғой, – дейді.

Бізде де адамдар параны әртүрлі атап өздерін алдайды. Кейде «һадия», кейде «сыйлық», кейде «ортаға ақша» деп әртүрлі атпен атап жатады.

Жұмыс басты адамға тек айлығы ғана – адал. Өзі сұрамаса да оған берілген ақша пара боп саналады. Һадия деген – сыйлық. Сыйлықтың қайтарылуы міндет емес. Оның орнына бірнәрсе берілсе, сол үшін бірнәрсе жасалып, не шешіліп берілсе – пара.

Арамды адал хатқалтамен орасаң да оны адал қылып жібермейді. Атаулар басқа, жолдар әртүрлі болса да арам арам болып қала береді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді», – деген.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.