Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанадағы «Әл-Ғани» мешітіне бас имам тағайындалды

Астанадағы «Әл-Ғани» мешітіне бас имам тағайындалды

0 241

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Астанадағы «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы болып Бейбіт Мырзагелдиев тағайындалды.


Жаңа бас имамды мешіт жамағатына жұма намазына арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасының өзі таныстырды.

«Бейбіт Әліпбекұлы соңғы бес жылда Жамбыл облысының бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды. Дін саласындағы тәжірибелі имамдарымыздың бірі. Алла Тағаладан Бейбіт имамның алдағы қызметіне сәттілік пен береке тілеймін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.