Бұл уақытша нәрсе үшін қалайша ақыретіңді тәрк етесің?
Бұл уақытша нәрсе үшін қалайша ақыретіңді тәрк етесің?
Ей, нәпсім! 50-100 жылдық қана өмірі болған нәрсемен мәңгілік ақыретті қалай айырбастайсың? Патша болған күніңде де бүкіл жер бетіндегілер сені құрметтеп, сені мойындап, басына көтеріп жүрсе де ертең 100 жылдан кейін солардың бірі де қалмайды. Ендеше, бұл уақытша нәрсе үшін қалайша ақыретіңді тәрк етесің?
Ей, нәпсім! Қамыңды жаса, өлім жақын қалды, ескертуші келді. Өлгеннен кейін сен үшін кім намаз оқиды, сен үшін кім ораза тұтады? Сен үшін кім жақсы амалдар жасайды?
Ей, нәпсім! Бұл дүниедегі санаулы күндеріңнің азы ғана қалды, сол аз күндеріңді бәсекеге тік. Егер өткен күндерің үшін қанша жыласаңда арзиды. Бірақ сен өткен күндердің үшін жылаудың орнына әлі сол ескі әніңе, ескі әдетіңе салынып күнәға батып жүрсің.
Ей, нәпсім! Біле білсең бақилық болғандардың ішінде Алланың азабына душар болғандар саған берілген осы күндердің бір күнін сатып алу мүмкіндігіне ие болса тірі кездерінде жинаған мал-мүлік дүниелерің барлығын беріп, сенің бір күніңді сатып алар еді. Бірақ сен олар армандап жатқан қанша күндерді босқа жіберіп жатырсың. Босқа жіберу былай тұрсын, күнәға толтырып өткізіп жатырсың.
Ей, нәпсім! Саған таңқаламын күнде жинаған ақшаңа, көбейген мал-мүлкіңе қуанасың, бірақ өміріңнің азайып бара жатқанына қайғырмайсың. Малмүлкің көбейгенмен өмірің азайып таусылып бара жатса ондай өмірден не хайыр? Не жақсылық?
материал «Ей, нәпсім!» кітабынан алынды,
sunna.kz