Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Тұңғыш рет қарилар даярлау орталықтары арасында республикалық байқау өтті

ҚМДБ: Тұңғыш рет қарилар даярлау орталықтары арасында республикалық байқау өтті

0 73

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атбасар қаласында тұңғыш рет Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша қарилар даярлау орталықтарының шәкірттері арасында республикалық байқау өтті.


Құранға қызмет етуді мақсат тұтқан бұл игі бастама еліміздің түкпір-түкпіріндегі қари шәкірттердің деңгейін анықтауға, қарилар даярлау орталықтары арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шәкірттердің білімін жетілдіріп, құран оқуға деген құлшынысын арттыруға бағытталды.

Байқаудың басты мақсаты – қарилар сапасын арттыру, шәкірттер арасында өзара ынтымақ пен бірлікті нығайту, Құранның құндылықтарын кеңінен насихаттау арқылы мұсылман жамағатының діни сауатын көтеріп, қоғамның рухани деңгейін өркендету.

Құран кәрімді толық жатқа оқу номинациясында
1-орынды Паншаров Билял жеңіп алып, 800 000 теңге көлемінде сыйақы иеленді.
2-орын Бахтиярова Билалханға бұйырып, 600 000 теңге табысталды.
Ал 3-орынды Ярмухаметов Нурифат еншілеп, 500 000 теңге жүлдеге ие болды.

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша
1-орынға Молдин Ахат лайық деп танылып, 500 000 теңге сыйақымен марапатталды.
2-орынды Жинуров Юсуп иеленіп, 400 000 теңге алды.
3-орын Ермұрза Аятжанға бұйырып, 300 000 теңге табысталды.

Құранның 10 парасын жатқа оқу аталымында
1-орынға Дауров Абдурахим ие болып, 300 000 теңге көлемінде жүлде жеңіп алды.
2-орын Жеңіс Саятқа беріліп, ол 200 000 теңгемен марапатталды.
3-орынды Сайдбек Амин иеленіп, 100 000 теңге жүлдеге қол жеткізді.

Құранды мәнерлеп оқу бағыты бойынша
1-орынды Есенов Қамбар иеленіп, 150 000 теңге жеңіп алды.
2-орын Мирамонов Саидбилолға бұйырып, 100 000 теңге табысталды.
3-орын Жарқынбекұлы Бақбергенге беріліп, 50 000 теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.




Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.