Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтилер алқасында «Исламдағы үммет бірлігі» құжаты қабылданды

Мүфтилер алқасында «Исламдағы үммет бірлігі» құжаты қабылданды

0 41

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі өтіп, онда маңызды құжаттар қабылданды. Жиынға мүше мемлекеттердің діни басқармаларының төрағалары мен өкілдері қатысты.


Мәжіліс барысында ТМҰ-ға мүше мемлекеттер діни басқармалары төрағаларының VI жиынының «Исламдағы үммет бірлігі» атты құжат қабылданды. Бұл құжат мұсылман халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталды.

Сонымен қатар, Пәтуа кеңесі қабылдаған бірқатар пәтуалар ресми түрде бекітілді. Бұл шешімдер ислам құндылықтарын насихаттаудағы ортақ ұстанымдарды айқындап, діни басқармалар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтуге септігін тигізеді.

Жиын аясында тағы бір маңызды бастама қолға алынды. Мүфтилер алқасы климаттың өзгеруін тоқтату, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық суды үнемдеу жөнінде үндеу жасады. Бұл қадам табиғатты қорғау ісіне исламдық жауапкершілік тұрғысынан үлес қосуды көздейді.







Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.