Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әбу Ханифаның (р.а) байсалды ұстанымы

Әбу Ханифаның (р.а) байсалды ұстанымы

0 50

Табиғин Ато ибн Аби Рабахпен алғаш кездескенде Ато айтты: – Қайдан боласың?

– Куфадан

– Діндерін түрлі топқа бөлген ауылдан ба?

– Иә

– Сен қай топтансың?

– Алғашқы ізгілерді(алғашқы үш ғасырда өмір сүрген  мұсылмандар) сөкпейтін, тағдырға сенетін және күнә жасаған адамды кәпір демейтіндерденмін.

– Хақты таныдың! Осы жолда берік бол! – деді Ато ибн Аби Рабах,

Алла екеуіне де разы болсын! Ғалымдар осылай даналықпен, қысқа-нұсқа көп нәрсені меңзейтін әрі қамтитын жауаппен жауап береді. Біз болсақ ана жерде әңгіме айтып кетуші ме едік…

материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.