Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қызыл түйеден де артық амал: Сынаққа сабырлық таныту

Қызыл түйеден де артық амал: Сынаққа сабырлық таныту

0 15

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір сүрген дәуірінде арабтар үшін қызыл түйе ең құнды мүлік болатын. Яғни, «бұл қызыл түйеден де жақсы» деген сөз – «бұл дүниедегі барлық нәрседен де жақсы» дегенді білдірген. Рабиға ибн Әбу Абдурахман:

Әбу Сәләма ибн Абдуласад (Әбу Сәләмә қайтыс болғаннан кейін) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі болған Умм Сәләмаға келеді де Умм Сәләмаға: «Бүгін мен Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен үшін қызыл түйеден де қымбат бір нәрсе естідім», – дейді.

Умму Сәләмә: «Ол не?» – деп сұрайды. Ол: «Мен оның былай дегенін естідім: «Егер адам бір қиыншылыққа тап болып, Алла Тағала оған бұйырғандай: «Біз тек Аллаға тиесіліміз және Оған қайтамыз. Аллам, менің осы қиыншылығыма сауап нәсіп ет және оның орнын одан да жақсысымен алмастыр» – деп айтса, Алла Тағала оған сол сұрағанын береді», – дейді.

Умм Сәләма: «Әбу Сәләма дүниеден өткенде мен бұл сөздерді айттым. Алайда ішімнен: «Әбу Сәләмадан артық кім бар?» дедім», – дейді.

Сонда Алла Тағала оған Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу ретінде нәсіп етіп, олар үйленеді. Хадис бізге дүниедегі қиыншылықтар Алла Тағаланың сынағы екенін көрсетеді. Кімде-кім Алла Тағалаға бойұсынып, сабырлық танытып, Аллаға сенім артса, сол адам жоғалтқанынан да жақсысын Раббысынан алады.

материал «Қызыл түйеден де артық амалдар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.