Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіттің іргетасын қалады

ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіттің іргетасын қалады

0 171

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылдық мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.


300 орындық мешіттің іргетасын қалау рәсімінде Бас мүфти: «Алла қаласа бұл жаңа мешітіміз жамағаттың бірлікпен намаз оқитын орны ғана емес, руханият пен білім ордасы болады деп сенемін. Мұнда балаларға имандылық сабағы, жастарға тәрбие, үлкендерге тағылым беріледі. Сондықтан мешіттің жұмысы халықпен етене байланысты, жамағатпен тығыз қарым-қатынаста болады.
Сауабы үзілмейтін игі істі қолға алған барлық азаматтарға, демеушілерге, құрылысшыларға, жамағатқа алғысымды білдіремін» деді.











Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.