Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті.
Жиында аймақтағы діни ахуал, қоғамдық келісім және дінаралық өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында тараптар ортақ бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 71 мешіт қызмет етеді. Сондай-ақ 8 жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Өңірде 153 дін қызметкері жұмыс атқаруда.




