«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 40 отбасыға «Рамазан сыйын» тарту етті (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 40 отбасыға «Рамазан сыйын» тарту етті (фото)
Алла Елшісінің «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесіргежоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады» деген өсиетіне амал етен мешіт ұжымы кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қаламыздағы 40 мұқтаж отбасыға ауқымды көлемде азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Бастаманың мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету және ораза кезінде олардың күнделікті тұрмыс ауыртпашлықтарын жеңілдету.
Қайырымдылық шарасында көп балалы, жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жомарт жандардың демеушілігімен азық-түлік таратылды.

sunna.kz