Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланың көркем есімдері-9

0 2  543

العَزِيزُ 

Әл-Әзиз –  Аса даңқты, құдіретті. Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

﴾هُوَ الذِي يُصَوِّرُكُمْ فِي الأَرْحَامِ كَيْفَ يَشَاءُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ العَزِيزُ الحَكِيمُ﴿

«Ол сондай (Алла) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – Үстем әрі Аса дана» (Әли Имран, 6).

﴾وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزاً حَكِيماً﴿

«Көктер мен жердегі әскерлер Алланікі, расында Алла Үстем әрі өте дана» 

(Фатх, 7). عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم كَانَ إِذَا تَضَوَّرَ مِنَ اللَّيْلِ قَالَ: »لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ الوَاحِدُ القَهَّارُ، رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا العَزِيزُ الغَفَّارُ«. السُّيُوطِيُّ فِي الجَامِعِ الصَّغِيرِ

(114)

Айшаның (р.а.) айтуынша Пайғамбар (ﷺ) егер түн ортасында қатты ауырып, мазасызданса: «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – Жалғыз әрі Өктем, көктер мен жердің  әрі олардың арасындағылардың Иесі, Үстем әрі Кешірімшіл» дейтін болған. Әс-Суюти әл-Жами әс-Сағир кітабында № 146 риуаят еткен. 

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.