Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ ТИІС (ФОТО)

0 2  555

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мүфтият қызметкерлерін сындарлы кезеңде белсенді жұмыс жасауға шақырды.

«Еліміздің руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының ресми қабылдауында болғанымда деструктивті ағымда жүрген жастарға дінді дұрыс жеткізу мәселесін талқыладық. Халқымыздың рухани өмірінде дін қызметкерлері үлкен маңызға ие. Діни басқармаға үлкен жауапкершілік артылған осынау сындарлы кезеңде белсенді түрде жұмыс жүргізуіміз керек. Діни салада аса ыждаһаттылықпен қызмет ету – әрбір дін қызметкерінің асыл міндеті болуы тиіс. Діни бағыттағы жұмыстарды жандандырып, жаңа идеяларды жүзеге асыру ісінде бірігіп, белсенді қызмет етуге шақырамын», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.