Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жетісайда тегін дүкен жұмыс істеп тұр

0 2  144

Жетісай ауданында азық-түлік пен киім-кешекті тегін тарататын  қайырымдылық дүкені ашылған. «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені аудан әкімінің бастамасымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен жұмыс істеп тұр,  деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Аудандағы әлеуметтік жағдайын тіктей алмай жүрген мыңдаған жетісайлықтарға көмек көрсету мақсатында ашылған дүкенде тұрғындарға тегін киім-кешек үлестірліп, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі.  Әлеуметтік дүкенге ауданның жомарт жандары мен кәсіпкерлер демеушілік жасап келеді. Осыдан бір жыл бұрын, яғни, өткен жылдың ақпанында облыс бойынша бірінші болып ашылған қайырымдылық дүкені күні бүгінге дейін 1500-ге тарта әлеуметтік қолдауды қажет ететін немесе мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар, көпбалалы отбасыларға көмек беріп үлгерген.

KAZISLAM

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.