Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нұр-Мүбарак университеті: Жасампаз жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші

0 2  147
Жастар билік орындарына иек артпай, мемлекет дамуында қолқанатына айналуы тиіс! Бұл жайлы бүгін Нұр-Мүбарак университетінде өткен «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жан-жақты талқыланды.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған алқалы жиын Қазақ және Мысыр елдерінің әнұранымен, қасиетті Құранмен басталды. Модератор, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған лауазымды тұлғалар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Мысыр, Өзбекстан, Қырғыз елдерінің ислам ғалымдарынан тұратын құрметті қонақтар құрамымен таныстырып, вице-министр Марат Әзілхановқа беташар сөз берді:

“Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті – жас оқу ордасы болса да еліміздің дамуында  ерекше маңызды орын алып үлгерді. Жастардың тек мемлекетіміз үшін ғана емес, дін саласында да орны ерекше. Сондықтан тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері бойынша дін мамандарын даярлайтын бірегей ислами оқу ордасына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жалғаса береді. Қоғамдағы көп түйткілдер, шиеленіскен сауалдар білімсіздіктен туындап отыр. Сондай теріс діни үгіт-насихаттың құрбанына айналып, Сирияға асып кеткен отандастарымыздың 300-дейі дәл қазір елге қайтуға асығуда. Елге оралған соң олардың ой-санасын қалыпқа келтіру, қоғамға қайта бейімдеу қажырлы еңбекті талап етеді. Осы орайда біз Нұр-Мүбарак университетінің ғалым-ұстаздары, түлектеріне, теолог мамандарға, исламтану білгірлерінің көмегіне иек артамыз”, — деді Марат Алмасұлы.

nmu.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.