Дүйсенбі, 5 қазан 2026 ж. 24 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:16
Бесін 12:08
Екінті 15:55
Ақшам 17:49
Құптан 19:14
Жаңалықтар

Қырғызстанның үздік азаншысы қажылыққа барады

12 сәу 2019 2 316 рет оқылды
Қырғызстанның үздік азаншысы қажылыққа барады
Бішкектің орталық мешітінде 27 сәуір күні бірінші республикалық азаншылар конкурсы өтеді. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Конкурстың бас жүлдесі – Меккеге кіші қажылық жолдама. Ал екінші және үшінші орынға бағалы сыйлықтар тағайындалған. Шараны ұйымдастырушылар – қырғыз мүфтияты мен «Мұхаммед Умар Ош» қоғамдық бірлестігі.

Конкурсқа қатысуға іріктеу сайыстары 2018 жылдың қарашадан басталып, 500-ден аса азаншы қатысқан. Ақтық турға республика бойынша 27 қатысушы өтті.

kazislam.kz