Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӨТКЕННЕН – ӨНЕГЕ: МҮФТИЯТ ҰЖЫМЫ “АЛТЫН ТАҚ” КИНОДАСТАНЫН КӨРДІ (ФОТО)

0 1  748

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған мүфтият ұжымы жуырда көрерменге жол тартқан “Алтын тақ” фильмін көріп, өткеннен өнеге, тарихтан тағылым алды. 
Рүстем Әбдіраштің «Алтын тақ» фильмі – «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинодастанының жалғасы.

«Алтын тақ» – жас қазақ мемлекетінің тұс-тұстан талаған сыртқы жаулармен арпалысын баяндайды. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек өздеріне тиесілі «Ақ Орда» ұлысы мен астанасы Сығанақты және сол шаһардағы алтын тақты қайтарып алады. Фильмде шиеленіске толы шытырман оқиғалар, жарқын майдан сахналары мен ауыр сынақтар, ащы жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатар көрініс тапқан.

Сонымен қатар, бұл фильм қазақ халқының асыл дін – Исламды ұстанғанын айшықтайды. Кинода діни рəсімдер мен жоралғылар көрініс тапқанын айта кету керек.

Мүфтият ұжымы тарихи фильмді көруге ұйытқы болған ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық “Əзірет Сұлтан” мешітінің жəне Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жəдігерұлына алғыс айтады.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.