Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайтыны бір – «Рамазан айын қалай ең жақсы түрде өткізуге болады?». Бұл тұста менің әркез айтатыным мынау: білім – күш деп кесіп айту қате секілді, білім, ол тек ықтималды күш, мейлі сіз қанша уағыз тыңдап, діни кездесулерге қатысып жүрсеңіз де, егер сол алып жатқан біліміңізге күнделікті өмірде амал етпеген болсаңыз, онда ол білім сізге өлі жүк болып артылғаннан басқа еш пайда бермейді. Егер, сіз бұл мақаланың маңыздылығын сезініп, оны оқуға уақыт тапқан болсаңыз, демек, сіз өз рухани дамуыңызға бей-жай қарамайтын жансыз деп үміттенемін. Біз расымен де қалайтын болсақ, Алла Тағала пайдалы білім алуға және оған амал етуге әрдайым мүмкіндік сыйлары сөзсіз.
«Амалдар ниетке байланысты» (Бухари) деген хадисті көпшілігіміз білеміз. Алайда, осы бір қарағанда қарапайым көрінген, бірақ, өте маңызды саналатын ниет ету амалына (немқұрайлы түрде емес, сөзбен, шын жүректен білдіру) келгенде мүдіріп жатамыз. Негізі, менің ойымша, тиімді Рамазанға ең алғашқы қадам – бұл айда қолыңнан келетіннің бәрін жасауға шынайы шешім қабылдаудан басталмақ.
2. Анық және нақты мақсаттар қойыңыз.
Өткен жылы әр түрлі жастағы әйел кісілерге арнап дәріс өткізген едім. Сонда тыңдаушыларымнан Рамазанға кім қандай мақсат қойғандығы жайлы сұрадым. Араларынан бір батыл әйел қолын көтеріп: «Мен осы Рамазанда тәртіпті қолға алам!» дегені. Тәртіп пен жинақылық – әрине, мақтауға тұрарлық қасиеттер, бірақ, мұны нақты мақсат дей алмаймыз. Рамазан айына мақсат қоярда бәрін нақтылап алу керек. Әлгі кісінің айтқан «тәртіпті қолға алуын» мысалы, былайша нақтылап алуға болады:
4. Ойыңыз бен уақытыңызды бөлетін істерді азайтыңыз.
5. Істеріңізге ертерек қамданыңыз, қиындатпаңыз, оның орнына жеңілдетіңіз.
7. Құран оқу – Рамазанның басты басымдылығы деп біліңіз.
«Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген» (2, 185).
Біз расымен де қалайтын болсақ, Алла Тағала пайдалы білім алуға және оған амал етуге әрдайым мүмкіндік сыйлары сөзсіз.
minbar.kz