Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітімізде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды

0 2  007

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылды. 

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар игі іс-шаралар қатарында. Биыл да өкілдіктің қадағалауымен ауызашар дастархандары жасалып, мыңдаған ораза ұстаушылар үшін арнайы тағам дайындалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де жыл сайынғы үрдіс бойынша, кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген жомарт азаматтардың демеушілігімен мешіт жанына тігілген шатырда және алты қанатты киіз үйдің ішінде Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді.

Сондай-ақ, ауызашар барысында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Оңғар Хайридин жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауызшар дастаханының берекесі жайлы уағыз-насихат айтты.

Осылайша, Рамазан айының алғашқы ауызашар дастарханынан 400-ге жуық мұсылман дәм татты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

  

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.