Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  959
«Нұр Астана» мешітінің жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубы елордалық әйелдер қауымына арнайы ауызашар берді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында әр сала өкілдеріне ауызашар беру, әлеуметті бір дастархан басына топтап, олардың береке-бірлігіне себеп болу – ел мешіттерінде қалыптасқан үрдіс. Осыған орай, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің Әйелдер-қыздар секторына қарасты, «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы Елордамыздың рухани өміріне атсалысып жүрген әр саланың білікті өкілдерінің басын қосып ауызашар берді. Атап айтқанда, биылғы ауызашар зиялы қауым өкілдері, журналистер, спорт саласының майталмандары, көп балалы аналар мен зағип жандарды қамтыды. «Нұр Астана» мешітінің І наиб имамы Бекзат Ақжолов пен наиб имам Ербол Абдуахитұлы мешіт атынан арнайы қатысып, жиналған қауымды қасиетті аймен құттықтап, Рамазан айын тақуалықпен өткізу турасында уағыз-насихат айтты.

«Қазақстан» ұлттық арнасының продюссері Танакөз Толқынқызы, «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы, қолкүресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қолкүресі бойынша Азия және Тынық мұхит жағалаулары елдерінің жеңімпазы, Азия кубогінің иегері Қарлығаш Исраилова, Айнияш Байсалбекова, Бақытжан Демейева қатарлы қажы апалар мен Ғалияш Усманова қатарлы қонақтар сөз алып, өздерінің ақжарма тілектері мен мешіт ұжымына деген ризашылықтарын білдірді. 

ummet.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.