Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құранды қалай тез жаттауға болады?

0 9  712

Қасиетті Құран 114 суреден тұратын Алла Тағаланың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түсірген тұра жол көрсететін муғжиза кітап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

خيركم من تعلم القرآن و علمه

“Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны басқаларға үйреткендерің”  деген өсиетінде бізге сүйіншілеген жақсылардың қатарында көріну үшін Құранды жаттаудың өте үлкен сауап екенін түсінеміз. Әлбетте, 600-ден астам бетті есте сақтау оңай дүние емес, дегенмен әлемде миллиондаған Құран ғашықтары қариларға қарап, мен де жаттай аламын деген үміт әр адамның бойында болу керек. Ендеше құранды қалай жаттай аламын?-деген сұрактарға жауап ретінде бірнеше шартты сіздермен бөліскім келді.
Ең алғашқы шарт: әлбетте, ниетіміздің дұрыс болуы; Құран жаттаушы адам Алла тағаланың сөздерін жаттап отырмын, Алла тағаланың разылы үшін деген үлкен жауапкершілікті сезіну керек; 
Жаттауға отырған кезде толық дәрет алып, “Алла тағала Құранды жаттауға көмектес” деп жалбарынып дұға жасау керек;

Мүмкіндігінше зейінініз таза және бос болып тұрған кезде жаттаңыз; Көзініз Құранда болып ойыңыз басқа жақта болса жаттау қиынға соғады.
Көбінесе таңертең ерте таң атпай тұрып жаттауға тырысыңыз. Адамның ойы, зейіні сол кезде таза болады.
Әлбетте, сіз Құран жаттау ниетімен отырған кезде шайтан азғыруға тырысады (кейін жаттайсың, әлі жассын, жұмыстарың бар ғой, демалып ал) секілді түрлі ойлар салады. Сол кезде тұзаққа түспей жаттауды жалғастыра беріңіз.
Міне сол кезде ықыласыңызды, дұрыс ниетіңізді көрген шайтан сізден қашады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хұдси хадисінде “Жаратушымыз Құранмен шұғылданып Алла тағалаға дұға жасауға, тілек тілеуге уақыт таба алмаған кұлына, дұға жасап жүрген құлына беретін жақсылынан артық жақсылық беретінін” ұмытпаңыз дейді.
Жаттап жүрген Құранды көп өзгертпей бір Құранмен ғана жаттауға тырысыңыз. Себебі көздің әр түрлі түстерді көруі жаттауға кері әсерін тигізеді.
Жаттайтын бөлмеңіз қарапайым және тыныш болуына көңіл бөліңіз. Тыныш жерде ойыңыз бөлінбейді, көзіңіз жан-жаққа түспей тез жаттайсыз. Мүмкіндік болса жаттауыңызды әрдайым бір орында жасаңыз.
Жаттайтын кезде міндетті түрде құлағыңыз еститіндей дауыстап оқыңыз. Дауыстап оқу арқылы құлағыңыздан жәрдем алып сол арқылы жылдам жаттайсыз.
Жаттап отарғанда әріптерді дұрыс шығарып, қатесіз жаттауға көңіл бөліңіз. Себебі қате жаттасаңыз оны жөндеу өте қиын болады. Сондықтан Құранды жақсы білетін ұстаздарға оқып беріңіз.
Жаттайтын аяттардың қатесіз оқылып тұрғанында көз жеткізген соң сол бетті не аятты кем дегенде 10 рет қарап оқыңыз. Тыңдауға мүмкіндік болса 3,4 рет тындаңыз.
Жаттайтын аяттардың аудармасын оқып шығыңыз.
Қарап оқыған кезде қолдан келгенше әдемі әуенмен оқуға тырысыңыз.
Жаттап бастағанда бірінші аятты жаттаған соң кем дегенде 3 рет жатқа оқыңыз.
Екінші аятты жаттаған соң оны да 3 рет жатқа оқып кейін екі аятты қосып 3 рет жатқа оқыңыз.
Ең соңында сол сүрені не бетті толық жаттаған соң кем дегенде 10 рет жатқа оқыңыз. Жаттадым болды деп келесі суреге асыкпаңыз қайталау өте манызды екенін естен шығармаңыз.
Жаттаған аттарды намазда оқуға тырысыңыз.
Егерде жаттау қиынға түсіп, көңіліңіз ді Құранға бөле алмай жүрсеңіз 2 ракаат қажет намазын оқып, Алла тағаладан кешірім сұрап жаттауға жәрдем сұраңыз.

Ең маңызды шарттарынан бірі Құранды жай ғана кітап деп көрмей оны ең жақын досыңыз деп көріңіз. Сізге тұра жолды Құран секілді ешқандай дос көрсете алмайтының ұмытпаңыз. Сырласатын дос іздегенде, Құран оқыңыз. Алладан жәрдем сурағыңыз келсе, Құран оқыңыз. ЖҰмысыңыз өнбей жатса, Құран оқыңыз. Қандайда бір жақсылық тілесеңіз, құран оқыңыз. Міне, сол кезде сізде миллиондаған Құран ғашыктарының карилардың катарына косылатыңызды біліңіз.
Алла тағаланің кәләмі қасиетті Құранның шапағаты тие берсін! 

Ұстаз, қари Нұриддин Күлер

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.