Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес.
Ардақты пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) ғұмырында да осы кезеңнен тоқыраусыз өтуге берілер кеңестер жетерлік.
Әуелі, күз дегенде ойыңызға не келеді? Жаңбыр. Солай емес пе? Ардақты пайғамбарымыз жаңбыр жауған кезде арнайы дұға оқығаны белгілі. Себебі ол (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бұл нөсердің үмметіне зиян әкелуінен қорқатын еді.
Егер жауын нөсерлі болмаса Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) далаға шығып:
Сонымен қатар әз пайғамбар (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!):
Сондай-ақ жауын жауып тұрған сәтте дұғалардың қабыл болатын естен шығармаған абзал. Сондықтан осы сәтте барынша Жаратушыға жақын болуға асыққан жақсы, Раббыңызбен тілдесіп, жәрдем сұрап, кешірім тілеп, уайым-қайғыңызбен бөлісіңіз.
Күздің қоңырқай күндері жаныңызға қаяу түсіріп, мұңға батырған болса:
«Аллаһу рабби, лә шәрикә ләһу»
Жаңбыр – табиғи құбылыс қана емес, Жаратушының рақымы. Иманды адам мұны білуі тиіс, олай болса тіпті жаңбырлы күн біздер үшін жақсылыққа, берекеге қауышатын күн болуы тиіс.
Екінші жайт – жақсы ойда болудың маңызы зор. Болып жатқан оқиғаларға, жасалып жатқан амалдарға оң көзбен қарай білу.
Сонымен қатар, күз мезгілінде денсаулыққа да айрықша көңіл бөліп, дұрыс тамақтану қажет. Физикалық тұрғыда өзіңізге салмақ салудың қажеті шамалы, алайда рухани азық: қосымша намаздар мен Құран оқуға уақыт тапсаңыз жеткілікті.