Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти жұма уағызын айтты (фото)

0 1  530

Нұр-Сұлтан. 11-қазан. Sunna.kz – ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма уағызын айтты. 

Күндердің сұлтаны болған жұма күні мешітімізге арнайы ат басын бұрған ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазына қатысты.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфти Н.Өтпенов жұмаға жиналған жамағатқа «Туыстық қатынас – мұсылман міндеті» атты ғибыратқа толы айтқан уағызында: «Туыстармен қатынас дегенді қалай түсінеміз. Туыстардың үйіне бару, хабарын алып, хал-жағдайын сұрау, хат жазу, телефон соғу, ауырғанының көңілін сұрау, тойына  қатысу, арнайы іздеп бару, қуанышын бөлісіп, қайғы-мұңына ортақтасу, басына іс түскеннің қасынан табылу, сапарға шығып кеткен ағайынның мал-жанына қарайласу – бұлардың бәрі де осы туыстық қатынастың аясына кіреді. Сондай-ақ көңілі жүдегенді жұбату, қиналған туысқа қол ұшын беру немесе орайы келгенде сый-сыяпат жасау да туыстықты нығайтудың жолдарына жатады», – дей келіп, жеткіншектерге имани тәрбие берудің маңызына тоқталып, балаларды мейіріммен тәрбиелеу сынды Пайғамбарлық өнегені тілге тиек етті. Сонымен қатар, Науырзбай қажы Тағанұлы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін ескертіп, өскелең ұрпақты, Ұлы Даланың иманды, білікті, білімді, көргенді, өнегелі азаматы етіп тәрбиелеудің уақыт талабы екендігін айырықша атап өтті.

Намаз соңында, жұма уағызына тәнті болған ақсақалдар наиб мүфтиге ақ батасын беріп, дән ризашылықтарын білдірді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.