Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)

0 1  231

9 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде дәстүрлі ауызашар дастарханы жалғасуда, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы халық көп шоғырланған аймақта орналасқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бірқатар игі бастамалар қолға алынуда. Солардың қатарында әр бейсенбі сайын нәпіл орза ұстаушылар үшін арнайы ауызашар дастарханы жайылып келеді.

Бүгін де мешітімізде 50 адамға арнайы дастархан жайылып, нәпіл ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар берілді.

Дастархан басында мешітіміздің наиб имамы Әділ Агитаев тыныштық, береке-бірлік хақында тұщымды уағыз айтып, аталған құндылықтардың дініміздегі мән-маңызы мен өміріміздегі рөлі жайында тоқталды.

Ауызашар дастарханына келген жамағат игі дәстүрді үрдіске айналдырған мешіт ұжымына алғыс айтты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.