Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Төл басылым таныстырылды (ФОТО)

0 1  380

31 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас имам жұмаға жиналған жамағатқа «Мұнара» газетін таныстырды, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат жұмыстары алуан түрлі формада, әртүрлі форматта жүргізіліп келеді. Оқырмандарға арнап газет-журнал сынды мерзімді басылымдарды ұсынумен қатар, заманауи мүмкіндіктерді пайдаланып ресми сайттар, әр алуан смартфон қосымшалары, әлеуметтік желілер арқылы да дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттап келеді.

Жат ағымның алдын алу, азаматтарға дұрыс діни ақпарат беру мен дәстүрлі діни құндылықтарды жеткізу мақсатында қолға алынған ақпарат ресурстары әр дайым жаңғырып, сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Мәселен, өткен жылдың соңында «Мұнара» атты ҚМДБ-ның төл басылымы жарық көріп, қалың оқырман қауымға жол тартқан болатын.

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан жұмаға жиналған жамағатқа «Мұнара» газетін таныстырып, төл басылымның соңғы сандарын ақсақалдар мен жұмаға келушілерге үлестірді.

Бас имам аталмыш газетте ешқандай басылым беттерінде жарық көрмеген тың, соны материалдар жарық көрумен қатар, дизайыны келісті, мазмұн жағынан сапалы басылым ретінде жамағаттың көз айымына айналғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Мұнарада» арнайы QR кодтармен ҚМДБ ұстаздарының бейнелі уағыздарын, еліміздегі барлық қалалардың намаз уақыттарын көріп, оқырмандардың жүктеп алуына қолайлы мүмкіндік жасалғанын айтып өтті.

Сөз соңында, жиналған жамағатқа басылымның әр нөмерін мешітімізден алуға, мешіт залынан оқуға болатынын жеткізді.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.