Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әл-Әзһар» шейхы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты (ФОТО)

0 1  234

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Самарқан қаласында «Әл-Әзһар» шейхы Ахмет Тайыппен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында әйгілі «әл-Әзһар» университетінің шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігін арттыру мәселесі сөз болды. Өз кезегінде «әл-Әзһар» университетінің шейхы Ахмет Тайып Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.